Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды

Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды. Жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс Орал қалалық сотында қаралады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот процесі 11 қазанда өтеді.

Журналист Лұқпан Ахмедьяров бұған оралдық Максим Яковченконың әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болғанын жазды.

Оның айтуынша, Орал тұрғыны «Орал, Петропавл, Павлодар және тағы басқаларын Ресейге беру керек. Себебі бұл жерде бәрін тек жояды. Жатжерлік билікте отыр. Жатжерліктер бәрін ластайды. Маймылдар жан-жағын жайпап, көшіп жүргенге үйренген» деп жазған.

Максим Яковченкоға қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған: 174-бабы «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» және 180-бабы «сепаратистік әрекет».

Полиция бастапқыда «алауыздықты қоздыру» бабы бойынша тергеуді бастаған. Кейіннен оған сепаратистік әрекетке қатысты айып тағылған бап қосылды.