Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

ШҚО-да 1,5 млрд теңгеге арал сатылады

Қалайша арал біреудің жеке меншігінде болуы мүмкін? Бұған аудандық әкімдік те түсініктеме берді...

ШҚО-да 1,5 млрд теңгеге арал сатылады
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасының дәл ортасында орналасқан Гусиный аралы сатылымға қойылды. Жерді сату туралы хабарландыру танымал сайтта пайда болды деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Хабарламада учаскенің ерекше екенін атап өткен. Оның ауданы - 225 гектар. Жер бедері әртүрлі: төбелер, жағажайлар және су қоймасының әдемі көрінісі бар. Құны - 1,5 миллиард теңге. 

Осы орайда қазақстандықтарда бірден көптеген сұрақтар туындады. Оның бірі: қалайша арал біреудің жеке меншігінде болуы мүмкін? Бұған аудандық әкімдік те түсініктеме берді.

Жергілікті басшының айтуынша, бұл жер 90-жылдардың соңында экономикалық соттың шешімімен жеке меншікке берілген. Яғни бәрі заңды.  Дегенмен шенеунік меншік иесі кім екенін нақтыламады. Әкімдіктегілер қазіргі қожайын аралды дамытуға ниеті жоқ деп ойлап, оны сатуға шешім қабылдаған. 

"Ол оны сатуға тырысып жатыр,  өйткені ол ауыл шаруашылығы саласына қызықпайтынын түсінді. Ол сатып алушыны іздеп жатыр, бұл жерді, 225 гектарды меншік иесі сатып алып, мақсатын одан әрі өзгерте алады. Туристік, басқа нәрсе болса да. Қазіргі иесі де сондай үмітпен осындай қадамға барды", - деді ШҚО Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов