Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Білім министрі парамен ұсталды

Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара талап етті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады paryz.kz ақпараттық  агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Білім министрі парамен ұсталды
Фото: stan.kz

Экс-министрдің қылмыс жасағаны нақтыланды. Бейшеналиев 28 қыркүйек күні Бішкек қаласында ұсталды.

Аса ірі көлемде - 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден астам) пара алу фактісі тергелуде. Ол шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша талап еткен. Тергеу нәтижелері бойынша толық ақпарат беріледі, - деп мәлімдеді Қырғызстан ішкі істер министрлігі.