Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қостанайда 450 мың теңгеге пәтер жалдаған ресейлік жігіт алданып қалды

Ресейдегі мобилизация кезінде Қостанайға қашып келген ресейлік жас жігіт алданып қалды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қостанайда 450 мың теңгеге пәтер жалдаған ресейлік жігіт алданып қалды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Жалдамалы пәтерге қатысты қазіргі жағдайды жақсы пайдаланған алаяқтар ресейлік жігіттің 450 мың теңгесін қағып алған. Бірақ жалға беретін пәтері мүлде жоқ болып шықты. Бір қызығы, жас жігіт көлік нөмірін сақтап алғандықтан, полицейлер жалған пәтер иесін тез тапты.

Ресейлік жігітті алдамақ болған қостанайлықтың көлік нөмірі де жасанды болып  шықты.

Аталған құқықбұзушылыққа қатысты қолданылатын жаза да қатқылдана бастады.  Ал ресейлік Владимир Небренчин ақшасын қайтарып, полицейлерге алғысын айтқан.