Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ақан Сатаев "Қазақфильм" басшысы қызметінен кетті

Ақан Сатаев "Қазақфильм" басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды paryz. kz ақпараттық агенттігі. 

Ақан Сатаев "Қазақфильм" басшысы қызметінен кетті

"Құрметті достар, осы жазбамда талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" АҚ президенті ретіндегі қажырлы, еңбекті талап ететін, ең бастысы жемісті жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді
Бүгін Ақан Қарғамбайұлы өз еркімен аты аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен кетті. Оның әрі қарайғы шығармашылық жолы біздің кинематографтың дамуына үлес қосатын серпінді жобалармен толатынына сенімдімін", - делінген жазбасында.