Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Пәтеріне шетелдікті тұрғызған азаматтарға айыппұл салынады

Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі Қазақстан халқына үндеу жасап, негізгі ережелерді еске салды.

Пәтеріне шетелдікті тұрғызған азаматтарға айыппұл салынады
Фото: видеодан скриншот

Ең бастысы, шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар иммигранттар туралы есеп беруге міндетті. 

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төраға міндетін атқарушы Аслан Аталықов үндеу негізінен қонақүйлердің, жатақханалардың, пансионаттар мен пәтерлердің және басқа да тұрғын үйлердің иелеріне қатысты екенін айтты.

"Шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінің иммигранттары туралы Ішкі істер министрлігіне хабарлауға міндетті. Хабарлама шетелдік келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Хабарлама берілмесе, пәтер немесе қонақүй иесіне айыппұл салынады", — делінген үндеуде. Сонымен қатар заңды тұлғаларға айыппұл 10-нан 25 АЕК-ке дейін, қайталап бұзған жағдайда 100 АЕК-ке дейін (306 мың теңге) болатыны ескертілді. Жеке тұлғаларға әуелі ескерту жасалады. Қайталап бұзғаны үшін 30 АЕК (91 890 теңге) көлемінде айыппұл салынады.