Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қостанай облысында шекараны заңсыз кесіп өткен үш ресейлік ұсталды

25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай облысында шекараны заңсыз кесіп өткен үш ресейлік ұсталды
Фото: ашық дереккөзі

Ведомства мәліметінше, шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірген.

«Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде. Оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттерінің бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз», - деді ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.