Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Әлем адамзат тарихында болмаған тығырықтың алдында тұрған тәрізді – депутат

Төрткүл дүние тұрақсыздық пен турбуленттілік кезеңін бастан кешіріп отыр. Әлем жалпы адамзат тарихында болмаған тығырықтың алдында тұрған тәрізді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Facebook-тегі парақшсында жазды, деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Әлем адамзат тарихында болмаған тығырықтың алдында тұрған тәрізді – депутат
фото: turkystan.kz

«Біздің айналамызда «тұрақсыздық доғасы» қалыптасып отыр. Соған қарамастан, Мемлекеттің ішінде демократия мен плюрализмге бағытталған реформалар іс-жүзіне асуда. Саяси жүйеде дефамилизация процессі жүріп жатыр. Конституция жеке басқа табынушылықтан тазарып, елордамызға Астана аты қайтарып берілді. Президент бір мерзімге ғана сайланатын болды. Дегенмен, еліміздің ішінде реваншисттік, ревизионистік күштер еліміздің тұрақтылығын шайқалту үшін әрекеттерін тоқтатқан жоқ. Сыртқы күштер де Қазақстанды әр-түрлі геосаяси кикілжіңдерге «қосақтап жіберуге» тырысып бағуда! Кешеден бері ақпараттық кеңістікте әр-түрлі бағыттардағы тексерілмеген ақпараттар легі пайда болды. Ол ақпараттар легі еліміздің ішіндегі элитааралық қатынасқа сына салу үшін, алдымыздағы саяси доданы заң және құқық аясынан шығару үшін істеліп жатқан көрінеді», – деді Мәжіліс депутаты.

 

Депутат қиын-қыстау кезеңде бізге бірлік, ынтымақ, ықпалдастық, өзара сыйластықтың амалдарын жасау өте маңызды екенін жеткізді.

 

«Бүгінгі аумалы-төкпелі заманда біздің халқымыздың ең басты құндылығы – Тәуелсіз, мығым Қазақстан мемлекеті! Бізге демократия мен плюрализм қажет дегенмен, демократия мен плюрализм Тәуелсіз Қазақстанның арттырып, территориялық тұтастықты дамытудың құралы болуы қажет. Айналамызда қаншама мемлекеттер кішкентай шалыс қадамның арқасында мемлекеттілік бірлігінен айрылып, территориясының бір пұшпағынан ада болып отыр! Көршілеріміз, өкінішке орай, өзара араз болып, қолына қару алып жатыр. Мемлекеттің қабырғасын сөгілтудің бірінші қадамы азаматтар арасында араздық туғызып, қоғамдық дезинтеграция жасау. Бүгінде, әлем жалпы тұрақсыздық пен араздықтың индексі сағат сайын өсіп келеді! Дәл осындай қиын-қыстау кезеңде бізге бірлік, ынтымақ, ықпалдастық, өзара сыйластықтың амалдарын жасау өте маңызды! Әр-қайсымыз артымызда жанұя мен туыстарымыздың мұң-мүддесімен қатар мемлекеттің де мүдделері тұрғандығын, мемлекет деген әрқайсымыз екендігін, сол мемлекет үшін болашақ ұрпақ алдында бәріміз бірдей жауап беретіндігімізді есте сақтайық, Ағайын!», – деді Ерлан Саиров.