Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Оралда полиция қызметкері 58 жастағы ер адамды көлігімен қағып, қашып кеткен

Оралда полиция қызметкері 58 жастағы ер адамды автокөлігімен қағып, қашып кеткен, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Оралда полиция қызметкері 58 жастағы ер адамды көлігімен қағып, қашып кеткен

БҚО полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Ернар Жақсыбаевтың айтуынша, оқиға 18 қыркүйек күні сағат 00.47-де Б.Момышұлы көшесінде болды.

Жүргізуші 1964 жылғы жаяу адамды автокөлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Алған жарақаттары салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 21 қыркүйек күні осы қылмысқа күдікті ретінде 1992 жылғы тұрғын ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті полиция қызметкері болып шықты. Hyundai автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.

БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мирхат Әженовтің мәлім еткеніндей, күдіктінің полиция қызметкері болғанына қарамастан, осындай қатаң шаралар қабылданды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Аталған іс департамент қана емес, ҚР Ішкі істер министрлігі басшылығының да бақылауында», деді М.Әженов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 26 жастағы жігіттің тоғызыншы қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.