Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуалды ҚР ҰҚК Шекара қызметі қатаң бақылауына алды

Соңғы екі күнде Ресейден Қазақстанға кіріп жатқан азаматтардың саны күрт артқан. Мұны ҚР ҰҚК Шекара қызметі растады деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуалды ҚР ҰҚК Шекара қызметі қатаң бақылауына алды
Фото: ашық дереккөзі

Екі ел арасында бүгінде автомобильдік өткізудің 30 бекеті бар. Соның төртеуінде қазіргі таңда кептеліс болып тұр. Шекара қызметі ахуалды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.

«Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды», - делінген Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа байланысты елде ішінара мобилизация жариялаған еді. Бұл жаңалық тарағаны сол-ақ екен елде әскерге жарамды ер азаматтардың көбі көрші мемлекеттерге үдере көше бастады.