Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Парламент Нұр-Сұлтан қаласының атын өзгертуді қолдады

Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Парламент Нұр-Сұлтан қаласының атын өзгертуді қолдады
фото: HB

Қазақстан астанасы атауын Астана деп өзгерту "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

"Елорда атауын өзгерту мәселесі қоғам тарапынан ұзақ уақыт бойы кеңінен талқыланып келеді. Ол кездесулер барысында, референдум кезінде азаматтар үндеуінде көтерілді. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере отырып, депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді. Елорданы қайта атау бойынша бастаманы "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы ұсынды. Осылайша, заң жобасы шеңберінде көзделген конституциялық новеллалар Мемлекет басшысының бастамалары мен депутаттардың ұсыныстарын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді, бұл саяси жүйеге мүлдем жаңа стандарттар қояды", - деді Парламент палаталарының бірлескен отырысында әділет министрі Қанат Мусин.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Қазақстан халқы Тұңғыш Президенттің мемлекеттілікті нығайтудағы сіңірген еңбегін жоққа шығармайтынына сендірді.

"Оның есімін елордадағы халықаралық әуежайға, бірнеше ескерткіштерге, саябақтарға, білім ошағына беру - құрмет белгісі. Халықтың басты талабы - бір кездері елордаға берілген Астана атауын қайтару", - деді ол.

Сонымен қатар, заң жобасына президенттік мерзімге жеті жылға бір рет сайлану нормасы енгізілген.