Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Бізді отқа тастап жіберіңіз». Саясат Нұрбек Тоқаевтың алдында ашына сөйледі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық кеңестің үшінші отырысында адами капитал, білім және ғылым саласындағы проблемалар талқыланды.

«Бізді отқа тастап жіберіңіз». Саясат Нұрбек Тоқаевтың алдында ашына сөйледі
Фото: ашық дереккөзі

Отырыста сөз алған BTS Education компаниясының Бас директоры, Ұлттық кеңес мүшесі Саясат Нұрбек егер мемлекеттік саясаттың бүкіл жұмысын білім саласына бағыттамаса, кейін зардабы қиын болатынын айтты.

«Бірер күн бұрын менің жасым 39-ға толды. Біздің қатарымыз - 80-ші жылғылар жоғалған буын болып есептеледі. Біз қазір үлкен өмірлік таңдау алдында тұрмыз, әрі қарай не істеу керегін білмейміз. Жинаған біліміміз бар, тәжірибе бар, қателіктер де жасадық. Менің жеке кумирім - 1972-92 жылдары Финляндияның білім жөніндегі ұлттық кеңесін басқарған, білім саласын дамытуда өздерін тарихтың отына тастап жіберген буынның жарқын өкілі Эркки Ахо. Біз де өзімізді тарихтың отына тастауға дайынбыз. Сондықтан біздің энергиямызды пайдаланыңыздаршы. Себебі, Қазақстанда басқа жол жоқ», - деді Саясат Нұрбек.  

Маман білім саласын модернизациялауға арналған бірнеше нақты ұсыныс берді. Олар - цифрлық білім берудің қажеттігі, балабақшаларды лицензиялау, сабақ өткізетін онлайн-платформаларды дамыту, мамандық таңдау және тағы басқа мәселелер.  

Саясат Нұрбектің сөйлеген сөзінің толық нұсқасын төмендегі видеодан көруге болады.