Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталды

ІІМ қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 мүшесін ұстады, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталды
фото: polisia.kz

Басылым мәліметінше, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті жедел әрекет барысында Бас прокуратураның көмегімен бір-бірімен күреске түскен екі трансұлттық қылмыстық топтың жолын кескен. Олар өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен ұрылардың ұстанымдарын енгізуге әрекеттенген.


РЕКЛАМА
"Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысының аумағында ІІМ-нің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен жүргізілген арнайы операция кезінде жедел қызметкерлер қылмыстық топтардың 11 қатысушысын, соның ішінде қылмыстық текетірестерге тартылған "киллерді" ұстады.

Олардың жүрген жерлері мен тұрғылықты мекенжайларына 25 тінту іс-шарасы жүргізіліп, атыс қаруының арсеналы, шетел валютасындағы үлкен көлемдегі ақша, сондай-ақ аса ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.