Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақша қай жылы туғандардан бастап берілетіні белгілі болды

Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақша 2024 жылы туғандардан бастап беріле ме? Үкімет отырысынан кейін Ұлтық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа БАҚ өкілдері осындай сауал қойды.

Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақша қай жылы туғандардан бастап берілетіні белгілі болды
Фото: ашық дереккөзі

Министрдің айтуынша, бұл мәселе әлі пысықталып жатыр. Бірақ 2024 жылы туғандардан бастап қана бөлінеді деген жоспар жоқ.

«Оны қазір ойластырып жатырмыз. Бірақ 2024 жылдан бастап осы жүйе енгізіледі. Жалпы, бүкіл Қазақстан бойынша 18 жасқа толмаған балалардың бәрі саналатын болады. Тек қана жаңа туған емес, барлық балаларға аударылады», - деді министр.