Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда рұқсатсыз қоқыс төгілген орындардың бәрі жабылады

"Бүгінгі күні өңірлерде қатты тұрмыстық қалдықты жеткізуге арналған 3,5 мың орын бар. Оның тек 620-сы ғана талапқа сай",- деді Асқар Мамин.

Қазақстанда рұқсатсыз қоқыс төгілген орындардың бәрі жабылады

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин рұқсатсыз қоқыс төгілген орындардың бәрін жабу жөнінде министрлік пен әкімдерге тапсырма берді, деп хабарлады baq.kz.

"Біріншіден, Экология министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жол карталарының іс-шаралары белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етсін. Жұмыстың орындалуына нақты мониторинг жүргізсін және тұрақты негізде халықпен кездесу өткізсін. Екіншіден, экология мәселелерін шешуде қоқысты рұқсатсыз төгуді және полигондарды бақылау мәселесі – маңызды фактор. Бүгінгі күні өңірлерде қатты тұрмыстық қалдықты жеткізуге арналған 3,5 мың орын бар. Оның тек 620-сы ғана талапқа сай. Экология министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, рұқсатсыз қоқыс төгілген жердің бәрін жабу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды және ресурсы сарқылған полигондарды жабуды тапсырамын",- деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ, ол Қазақстан 2016 жылы климатқа қатысты Париж келісімін ратификациялағанын, парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 2030 жылы 15 пайызға қысқарту жөнінде сөзсіз міндеттемелерді қабылдағанын айта кетті.

"Ол үшін қазіргі уақытта 2050 жылға дейінгі Қазақстанның төмен көміртекті даму тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қазірден бастап парник газының шығарынды өсімін төмендету жөніндегі жұмыс қарқынын үдету керек. Осыған орай Экология министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, тұжырымдаманы әзірлеуді тездетсін және оның жобасын келесі жылдың екінші тоқсанында Үкіметке енгізсін",- деді премьер-министр.