Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Әрбір балаға Ұлттық қордан 18 жасқа дейін ақша беріліп отырады

Оған Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын аударып отырады. Ақша балалардың арнаулы жинақтаушы есеп-шотына түседі.

Әрбір балаға Ұлттық қордан 18 жасқа дейін ақша беріліп отырады
Фото: ашық дереккөзі

Қаржы балалар 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады. Оны мерзімінен бұрын алуға болмайды. Тек кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға беріледі.

 - Әрбір отбасы еліміздің пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көру керек. Сондықтан мен жариялаған балалар жылының аясында "Ұлттық қор балаларға" атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болады және халықымыздың игілігіне қызмет етеді. Жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын, - деді Тоқаев Жоолдауында.