Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Біз шикізатқа әлі де тәуелдіміз – Тоқаев

Жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. 

Біз шикізатқа әлі де тәуелдіміз – Тоқаев
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

«Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар.

Біздің экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалады – азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуі. Жаңа экономикалық бағыттың басымдықтары мыналар болады: жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және экономикаға мемлекеттің шектен тыс араласуынан бас тарту, бәсекелестікті дамыту, яғни барлығына тең мүмкіндіктер беру және ұлттық табысты әділ бөлу», - дейді Президент.