Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қорғаныс министрі қағазға жазылған қазақша сөйлемді оқи алмай масқара болды (ВИДЕО)

Әскерилерді конституция күнімен құттықтаған Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қағазға жазылған қазақша мәтінді оқи алмай, әбден қиналды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрі қағазға жазылған қазақша сөйлемді оқи алмай масқара болды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзі

Министрдің бұл әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Жазбада Руслан Жақсылықов әскерилер алдында сөз алып, Конституция күнінің маңыздылығы туралы айтуда. Алайда жиынға қатысушылар министрдің айтқанын толық түсінді деп айту қиын.

Ведомство басшысы кей сөздерді тілі келмей, ежектеп оқыған. Бұл жәйт желі қолданушыларының ашуына тиді.

"Ұят-ай", "Тілді қорлау", "Әскербасының мынаусы намыссыздықтың нағыз биік шыңы" деген пікірлер жазылған. Кей адамдар "Негізі жақсы адам, тіл білмейтіні қолбайлау боп жүр" деген ой айтыпты.