Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қызылордада жаңа әуежай салынбайтын болды

Еске сала кетсек, биыл ақпан айында Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылордада жаңа әуежай салуға қатысты келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеген болатын.  

Қызылордада жаңа әуежай салынбайтын болды
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда билігі дағдарыс кезеңінде жаңа әуежай салу жобасынан бас тартқан. Оның орнына ескі әуежайды қайта жаңғыртады. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді деп хабарлады paryz.kz. 

"Бұл мәселе бойынша біз белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ірі жоба болды, бірақ ол өте қымбат – 18 миллиард теңге. Биылғы дағдарыс кезеңінде біз одан бас тарттық. Бізге жақын Түркістан қаласында үлкен әуежай салынғанын білесіздер. Байқоңырда да әуе айлағы бар. Осыны ескеріп, біз қазіргі әуежайды кеңейтіп, қайта жаңғыртуды ұйғардық", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айтуынша, қазір жобалық-сметалық құжатта әзірленіп жатыр. Ол келесі жылдың басында дайын болады. Құны – шамамен 1,5 миллиард теңге.

Еске сала кетсек, биыл ақпан айында Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылордада жаңа әуежай салуға қатысты келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеген болатын.