Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Семейліктерді шошытқан аспандағы жарқылдың не екені белгілі болды

Ол электр құрылғыларының жұмысына әсер еткен.

Семейліктерді шошытқан аспандағы жарқылдың не екені белгілі болды
Фото: дереккөз

Семей тұрғындары түнде аспанда біртүрлі жарқыл байқады, содан кейін электр желісі уақытша өшіп қалды. Бұл құбылыстың неден пайда болғанын қала әкімдігі түсіндірді деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлады.

Семей қаласы ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, қалада 23 қарашаға қараған түні сағат екіде электр желісінде ақау пайда болды. Ол электр құрылғыларының жұмысына әсер еткен. Сондықтан аспанда жарқыл көрінген. Алайда қосалқы стансаға зақым келмеген.