Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Терпиласың ба?, Чертсың ба?": Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа ауыр сын айтты (ВИДЕО)

Дәл қазір әлеуметтік желіде Бекболат Тілеухан мен Ринат Зайытов арасында ашық айқас басталды. Экс-депутат өзіне тіл тигізген ақынға қатысты бүкіл шындықты айтқан. 

"Терпиласың ба?, Чертсың ба?": Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа ауыр сын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Ринат Зайытов таяуда отандық БАҚ-қа берген сұхбатында: "Бекболат қаңтар оқиғасын білді, бірақ айтпады" деп айыптаған еді. Көп уақыт созбай, Тілеухан да өз жауабын бейнеүндеу арқылы жолдаған, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі exk.kz.kz-ке сілтеме жасап

"Қазақ өкпеге қиса да, өлімге қимайды" деуші еді, ағайын. Ринат бауырым өлімге қиды. "Қанды қаңтар" оқиғасын білді, біліп тұрып, бізге айтпады" деген сұмдық, ауыр жала жапты. Кәдімгідей мойыныма қанды артып жатыр. "Бекболат Ринатты неге жек көреді?" депті. Мен неге жек көремін? Ринаттың менімен жасы, өнері, саясаттағы лауазымы деңгейлес адам емес. Менің ауызымнан "жеке көремін" деген сөз шыққан емес. Мен оны жек көрмеймін. Заң жаттап саясаткер боламын депсің, адам тарихи заңдылықтарды меңгеріп саясаткер болады", — деп бастады Бекболат Тілеухан.

Экс-депутат бұл видеоүндеуінде Ринатпен қарым-қатынасы туралы ашық айтып, Зайытовтың өзіне бұрын жіберген аудиожазбасын тыңдатты.

"Аға, сізге айтарым бар еді. Кеңес сұрайтын, ақылдасатын шаруам бар еді. Қалай сөйлесе аламын? Ойымның түйіні мынау: қазақты қазаққа айтақтап қойып, неге осы бір-бірімізді бөліп жатыр деймін де. Ақынымызды, бәрімізді... Біз соның жетегінде жүрміз негізі. Мен оны өз басым мойындаймын. Соны өзіңізбен отырып, ақылдасайын деп едім. Қолдасаңыз" — делінген Ринаттың Бекболатқа жіберген аудиожазбасында.

Дәл осыдан кейін Тілеухан қатты ызаланып, Ринат Зайытовқа видеода ауыр сөздер айтыпты.

Енді ағалап тұрсың. Ал істеген шаруаң мынау? Бұл екіжүзділік пе, тексіздік пе? Әлде терпиласың ба, чертсың ба? Мұны қалай түсінуге болады? Осыншама танымалдылықтың құлы болуға бола ма екен?

— деп ашуланды Бекболат.

Сондай-ақ, Тілеухан бұл бейнеүндеуінде 2019 жылы өткен Президент сайлауында Қосановты қолдап, кейін басы дауға қалған Ринаттың әрекетін тағы да есіне салған.

"Мысалы, Қосановтың сатып кететінін сен білдің бе? Меніңше, білген жоқсың. Мен саған баяғыда бір бағдарламада "Ринатжан, ақылы бар ит сүйекті жұтпас бұрын, кейін қиын болмас үшін шығатын жерін өлшеп алады" деп айтқанмын. Содан кейін сен заң жаттап, саясаткер боламын деген жылы екі сағатқа РОВД-ға (АІІБ — ред) кіріп шықтың. Шыққан кезде іннен суырған саршұнақ сияқты сүмірейіп, жиналған бақсыдай болып, сондай сынық жүзбен сабаңа түскенсің. Ринатжан, байқа. Мен сияқты қазақтың қамына өмірін арнаған адамдардың етегіне жабысып, атақ жинамайсың", — деп түйіндеді сөзін Тілеухан.