Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Ұзтаздардан 18 млн теңге жинап жатыр": Қызылордадағы элиталық мектепте шу шықты

Қызылордадағы элиталық мектепке шу шықты, деп хабарлайды paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Ұзтаздардан 18 млн теңге жинап жатыр": Қызылордадағы элиталық мектепте шу шықты
Фото: tengrinews.kz

Пабликте ұстаздар 46 мың теңгелік жалпыға ортақ форманы сатып алуға ақша жинап жатқанын мәлімдеген. Олардың айтуынша, ақша жинау мектепте үнемі орын алады. 

"Жыл сайын ұстаздарға арналған жаңа формалар пайда болады? Неге? Үндемей газеттер мен журналдарға жазылу үшін ақша жинаймыз. Жөндеуге, енді міне, жаңа форма (костюм мен белдемше). Мектебімізде 400 адам жұмыс істейді. Оны 46 мыңға көбейтсек, 18 миллион теңгеден астам қаражат шығады екен. Бұл сомаға бізге не тікпекші?”, – деп жазған педагогтар. 

Аталған жайтқа қалалық білім беру басқармасы пікір білдірді. Мектепте педкеңес өтіп, онда ұстаздардың әдеп кодексіне сай киім киісі талқыланған, дейді олар. 

“Шешім бірауыздан, ұстаздардың жалпыға ортақ бір үлгідегі формаға өту туралы   ұсыныстары негізінде қабылданды. Педагогикалық қызметкерлердің костюмі қалай болатыны, қандай матадан тігілетіні туралы мәселе де шешілген. Ұстаздар тарапынан қандай да бір наразылық болмады”, – деп сендірді қалалық білім беру басқармасы.