Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз өзін атып өлтірді

Алматыдағы 3650 әскери бөлімінде сарбаз оқ тиіп, қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.  

Алматыдағы әскери бөлімде сарбаз өзін атып өлтірді
Фото: ашық дереккөзі

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 тамызда сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы, (2001 жылы туылған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды.

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.