Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыда дене шынықтыру пәні мұғалімдері қысқармайды

Мегаполис мектептерінде дене шынықтыру пәні бойынша сағаттар қайта бөлінетін болады. 

Алматыда дене шынықтыру пәні мұғалімдері қысқармайды
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтты. 

«Қазіргі уақытта дене шынықтыру пәнінің сабақ сағатының қысқаруына байланысты мұғалімдердің қысқаруы болған жоқ. Сабақ берген мұғалімдердің бәрі қалды. Әрқайсысына сағаттар бөлек қайта бөлінеді. Дене шынықтыру мұғалімдері қысқармайды» - деп жауап берді журналистердің сұрағына спикер.

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылынан бастап мектептерде дене шынықтыру сабағын шағын топтарға бөлмеу себебін түсіндіріп берген еді.

Кейін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы дене шынықтыру пәнін оқытуда сыныпты топтарға бөлмеу жұмыс істейтін педагогтер санының қысқаруына әкелетіндігін айтып, дабыл көтерген болатын. Осы жайтқа орай ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов те пікір білдірді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде дене шынықтыру сабағы бойынша 500 мыңнан астам сағат бар. Ал пән мұғалімдерінің саны шамамен 30 мың педагогті құрайды.