Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы: Бүгін тағы 10 млрд теңге бөлінді

Автокөліктерді жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасына тағы 10 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚазАқпарaт тілшісінің сауалына орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы: Бүгін тағы 10 млрд теңге бөлінді
фото: ortcom.kz

Аталған бағдарламаға жоспар бойынша 100 млрд теңге қарастырылған. Алғашқы 90 млрд теңге осыдан үш ай бұрын бөлінді.

Қор дерегінше, 4 пайызбен берілетін автонесие бағдарламасына қатысушы «Еуразиялық банкке» - 35 млрд, «Банк Центр Кредитке» - 27,5 млрд, «Халық банкке» - 22,5 млрд және «Forte Bank»-ке 15 млрд теңге бөлінген.

«Бүгін қалған 10 млрд теңге бөлінді», - делінген ұсынылған мәліметте.

«Өнеркәсіпті дамыту қорының» ақпаратына қарағанда, автокөлік сатып алуға өңірлерден түскен өтініштер саны келесідей:

Алматы қаласы – 7 031 өтініш;

Нұр-Сұлтан қаласы – 5 381 өтініш;

Шымкент қаласы – 4 664 өтініш;

Қостанай облысы – 2 465 өтініш;

Қарағанды облысы – 2 109 өтініш;

Шығыс Қазақстан облысы – 1 732 өтініш;

Павлодар облысы – 1 442 өтініш;

Ақтөбе облысы – 1 144 өтініш;

Жамбыл облысы – 1 112 өтініш;

Қызылорда облысы – 815 өтініш;

Маңғыстау облысы – 720 өтініш;

Атырау облысы – 616 өтініш;

Батыс Қазақстан облысы – 594 өтініш;

Ақмола облысы – 571 өтініш;

Солтүстік Қазақстан облысы – 524 өтініш;

Алматы облысы – 470 өтініш;

Түркістан облысы – 148 өтініш.

Бүгінге дейін жеңілдетілген шарттармен несиелеу бағдарламасы бойынша 10 015 қазақстандық көлік алған. Ал жалпы 4 пайызбен теміртұлпар алуға ниетті 31 538 қазақстандықтан өтініш түскен.