Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қазақстанда бір жылда қант 87%-ке қымбаттады – статистика

Қазақстанда бір жыл ішінде қант шамамен 87 пайызға қымбаттады. Ал өндіріс 9%-ке өскен, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда бір жылда қант 87%-ке қымбаттады – статистика
Фото: Emmanuel Foudrot / Reuters

Биыл шілде айында елімізде қанттың бір келісі орта есеппен 537 теңгені құрады Бұл өткен жылмен салыстырғанда 86,6%-ке көп.

Қымбатшылық Жамбыл облысында қатты сезілді: бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 2,2 есе артық. Антилидер үштігіне Алматы мен Қарағанды облысы кірді.

Бағаның ең төмен өсімі елордада тіркелген: плюс 58,3%.

Ірі қалалар арасында ең қымбат қант Алматыда (бір келісі 581 теңге), Қонаевта (555 теңге) және Атырауда (554 теңге) сатылды. Ең төмен баға Ақтөбеде (449 теңге) тіркелді.

Қаңтар-шілде айларында республикада 149,1 мың тонна қант өндірілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ке көп.

Импорт үлесі тиісінше 52%-тен 42,9%-ке дейін төмендеді. Елге 63,5 мың тонна қант жеткізілді, бір жылда минус 38,9%.

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанға 126,4 млн долларға 210,6 мың тонна құрақ және қызылша қанты, сондай-ақ қатты күйдегі химиялық таза сахароза жеткізілді. Заттай мәнде көлем 11,3%-ке қысқарса, ал ақшалай мәнде, керісінше, 15,3%-ке өскен.

Қазақстан ТМД елдерінен 65,3 мың тонна қант пен сахароза тасымалдады – бір жыл бұрынғыға қарағанда 45,7%-ке аз. Импорттың негізгі көлемі Ресейден әкелінді – 62,4 мың тонна, бір жылда 42,5%-ке азайып кеткен.

Ал ТМД құрамына кірмейтін елдерден республикаға 145,3 мың тонна қант жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,9%-ке артық. Қанттың негізгі көлемі Бразилиядан тасымалданды: 107,7 мың тонна, жылдық өсім – 24,1%.