Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық армия ойындарының ашылуына қатысты, деп хабарлайды paryz.kz.
Салтанатты рәсім Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтті. Биыл әскери-спорттық жарыстарға 70-тен астам мемлекет қатысып жатыр.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Танк биатлоны» конкурсында сайысқа түсетін қазақстандық команданың басшысымен, жаттықтырушылар құрамымен және экипаж мүшелерімен кездесті. Ол әскери қызметшілерге жауынгерлік көңіл-күй, сенімділік пен сәттілік тіледі. Қазақстандық танкистер бірінші дивизионның екінші айналымындағы жеке жарыста жасыл түсті танкте өнер көрсетеді.
Жұмыс сапары аясында Руслан Жақсылықов Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Х Мәскеу конференциясының жұмысына қатысты.