Дәрігерлер қазір індет жұқтыру дерегі көбейіп келе жатқанын жасырмайды. Кеше 10 адамнан коронавирус анықталған. Мамандар бұл соңғы үш айда болмаған көрсеткіш деп алаңдап отыр.
Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мониторинг барысында анықтады деп хабарлады paryz.kz, 24.kz-ке сілтеме жасап.
Мәселен, Шу мен Тұрар Рысқұлов аудандарының емдеу мекемелерін тексеру кезінде қордағы препараттардың мөлшері екі айға жетпейтіндігі белгілі болды. Тіпті кейбір ауруханалардағы жауапты тұлғалар қоймада қанша дәрінің бар екендігінен бейхабар. Қазір арнайы мониторингтік топ бұл бағыттағы жұмыстарды бақылауды күшейтті. Бүгін «Жамбыл – адалдық алаңы» мүшелері аймаққа жеткізілген препараттарды тапсырыс бойынша үлестіретін қойманы тексеріп, санақ жүргізді.
Дәрігерлер қазір індет жұқтыру дерегі көбейіп келе жатқанын жасырмайды. Кеше 10 адамнан коронавирус анықталған. Мамандар бұл соңғы үш айда болмаған көрсеткіш деп алаңдап отыр.
"Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі бойынша аудандарда орын алған. Аурухананың провизоры дәрі-дәрмектің қоймасына жауап беретін өзінің ауруханасында қанша дәрі-дәрмек бар екендігін білмей, ұсталған кездер болды. Кейбір ауруханаларда екі айлық қорға жетіспеушілік болып жатыр. Шу, Тұрыр Рысқұлов ауданында осындай кемішіліктер болған. Олардың айтуынша, «СКА Фармация» әлі әкеліп толтыра алмай жатыр дейді ҚР СЖҚҚА ЖОБ департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев.