Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Қазпошта» қызметін жамылған алаяқтар адамдардың ақшасын ұрлап жүр

Алайда "Қазпошта" АҚ бас маманы Анар Ғайболлаева ешқандай да карта деректемелерін жіберуге болмайтынын, үш таңбалы кодты ешкімге көрсетпеу керектігі айтады.

«Қазпошта» қызметін жамылған алаяқтар адамдардың ақшасын ұрлап жүр
Фото: ашық дереккөз

Хабарландыру сайты арқылы «Қазпошта» қызметін жамылған алаяқтар адамдардың ақшасын ұрлайтынды шығарды деп хабарлады «Хабар 24».

Олар қаржы аударамыз деген сылтаумен банк карточкасының нөмірі мен үш таңбалы жасырын кодты иемденіп алады. Пошта тасымалымен айналысатын ұлттық оператор жеке деректемені ешқашан сұратпайтындарын айтады.

Әсел Қонысбаева хабарландыру сайтына жиі жүгінеді. Бірде затын сатпақ болған ол әдеттегідей тауардың суретін салып, жариялайды. Көп ұзамай әлдебіреу затын алуға ниетті екенін, төлемді "Қазпошта" арқылы жасайтынын айтып хабарласты. Ақшаны аудару үшін тіпті арнайы сілтеме жібереді. Онда банк картасының толық нөмірін, 3 таңбалы кодты жазу керек екен. 

"Мен бірден алаяқтар екенін түсіндім. Ол бірінші рет емес. Бірнеше рет сондай жағдаймен кездестім. Өте сақ болу керек. Сілтеме ресми пошта қызметі сайтының үлгісінде жасалған. Көп адамда күдік туғызбайтыны содан. Қаннен қаперсіз картаның толық дерегін сілтемеге салып жібереді. Алаяқтар шоттағы сомманы толық шешіп алғанда ғана сан соғып қалғанын біледі, - дейді ол. 

Алайда "Қазпошта" АҚ бас маманы Анар Ғайболлаева ешқандай да карта деректемелерін жіберуге болмайтынын, үш таңбалы кодты ешкімге көрсетпеу керектігі айтады.

"Бұл - "Қазпошта" емес. "Қазпошта" ешқашан картаның деректемелерін сұрамайды. Ақшаны онлайн шешіп алатын айлакерлердің қулығына құрық бойламайды. Сондықтан интернет арқылы сауда жасаған кезде мейлінше абай болған жөн" дейді ол.