Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«18 жаста 9 миллион теңге несиесі бар»: Қорғаныс вице-министрі сарбаз өлімінің себебін айтты

Қорғаныс вице-министрінің айтуынша, несие, қарыздың көптігі сарбаздардың өзіне-өзі қол салуына түрткі болып отыр. Қарыздан бөлек, түрлі әлеуметтік проблема, отбасындағы жанжалдар да сарбазды күйзеліске түсіреді.

«18 жаста 9 миллион теңге несиесі бар»: Қорғаныс вице-министрі сарбаз өлімінің себебін айтты
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады, деп жазады Paryz.kz.

«Әскердегі суицидке негізінен түрлі әлеуметтік жағдайлар себеп», – дейді министрдің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев: «Бізге 18 жастағы жігіттер борышын өтеуге келеді. Солардың ішінде, өкінішке қарай, мойнында 9 миллион теңге тұрмыстық және басқа да неиесі бар сарбаздар болды. Бұл бір себебі. Яғни, бұдан да бөлек әлеуметтік проблемалар бар. Соның бәрі суицидтің триггері болып жатыр. Әр жағдайды жеке алып қарау керек. Себебін жалпылама айтуға болмайды», – деді.