Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Талғардың үстелді тоқпақтаған бас дәрігері халықтан кешірім сұрады

"Артық кеткенім рас. Себебі, жиналыста сөзіңді ешкім тыңдамайды, содан тұрып кетіп қалдым..." - дейді Нұрлан Құлсейітов.

Талғардың үстелді тоқпақтаған бас дәрігері халықтан кешірім сұрады
фото: видеодан скриншот

Алматы облысында халыққа үстелді тоқпақтап қыр көрсеткен Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері халықтан кешірім сұрады. Айтуынша, ол тұрғындар жеке басына тиісе бастаған соң эмоциясын ұстай алмай, шектен шығып кетіпті, деп хабарлады paryz.kz, Еуразия бірінші телеарнасына сілтеме жасап.

"Артық кеткенім рас. Себебі, жиналыста сөзіңді ешкім тыңдамайды, содан тұрып кетіп қалдым. Бірақ, халықтан үлкен нәрсе жоқ. Жұмысымыз да халықпен байланысты. Сондықтан кешірім сұраймын", - деді Нұрлан Құлсейітов.

Оның айтуынша, ауруханада коронавируспен күресу үшін 2 айға жеткілікті дәрі-дәрмек бар. Ал мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрілердің кейбір түрі жетіспеуде. Жұртшылық соған наразылық білдірген екен. Сондай-ақ, ол соңғы 2 жылда еңбек демалысында болмағанын да жеткізді. Алайда...

"Дәріні таныс арқылы басқа жақтан алып жатырмын. Дәріні де, инені де сол жақтан аламын. Бұл ауруханада кәдімгі ине де жоқ. Инусилин жоқ", - дейді Талғар қаласының тұрғыны Ахметжан Байболов.

Ал дәріхана қызметкерлері келген дәрілерді бірден таратып жатқандарын айтуда. Жетіспеген препараттарға бірден тапсырыс беріледі екен. Осы аптада болмағанмен, келесі аптада жеткізіледі деп сендірді олар.

"Бір күнде, міне, қаншама рецепт келіп жиналып қалды алдымызға. Ал бізге дәрі-дәрмек әр аптада бір рет жеткізіледі. Осы апатада жетпей қалғандарға келесі аптада келгеннен беруге тырысамыз", - дейді дәріхана қызметкері Жанна Құрманбекова.

Тағы оқи отырыңыз: Талғардың бас дәрігері тұрғынға үстелді тоқпақтап қыр көрсетті (ВИДЕО)

Ал бас дәрігердің әрекетіне баға беру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан комиссия құрылғаны белгілі. Олар әзірге шешім қабылдаған жоқ.