Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Күн жылынады: Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Мамандар циклон республиканың солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жылжитынын айтты. Осыған байланысты Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Күн жылынады: Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
фото: tengrinews.kz

19-21 қараша аралығында ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасаған paryz.kz.

Синоптиктерді жазуынша, Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік-Батыс антициклон әсерін тигізуді жалғастырады. Алайда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерінде қар жауады.

Мамандар циклон республиканың солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жылжитынын айтты. Осыған байланысты Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді. Мамандар алдағы қыста ел аумағында температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болатынын, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда норма төңірегінде қалыптасатынын мәлім етті.