Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстанға ресейліктер көптеп көшіп келіп жатыр

Бұған дейін Қазақстанға тұрақты тұруға келетін ресейліктер саны жыл сайын азайып отырған еді. Мәселен, 2019 жылы 2650 ресейлік Қазақстанға қоныс аударса, 2018 жылы - 2 952, 2017 жылы 3 333 адам келген.

Қазақстанға ресейліктер көптеп көшіп келіп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізге ресейліктер көбірек қоныс аудара бастағанын мәлім етті. Бұл туралы paryz.kz хабарлады.

Ресми статистикаға сәйкес, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанға тұрақты тұру үшін 9 233 адам көшіп келген. Бұл - өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, 1 235 адамға көп. Егер иммигранттардың этникалық құрамын қарастыратын болсақ, онда Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келгендердің үлесі екі ұлтқа - қазақтарға (54%) және орыстарға (21%) тиесілі.

Осылайша, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізге 5 025 қазақ келді, өткен жылдың осы кезеңінде 4500 болған. Ал Ресей жерінен 1952 адам тұрақты тұру үшін Қазақстанға қоныс аударған, бұл - 2019 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық.

Бұған дейін Қазақстанға тұрақты тұруға келетін ресейліктер саны жыл сайын азайып отырған еді. Мәселен, 2019 жылы 2650 ресейлік Қазақстанға қоныс аударса, 2018 жылы - 2 952, 2017 жылы 3 333 адам келген.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ресейліктердің көпшілігі Қазақстанға тұрақты тұру үшін Ресейден (1 759 адам), Германиядан (55 адам), Өзбекстаннан (29 адам) және Қырғызстаннан (20 адам) келді. Көбіне ресейліктер Қостанай (317 адам), Шығыс Қазақстан (287 адам) және Солтүстік Қазақстан (275 адам) облыстарына, сондай-ақ Алматыға (242 адам) қоныс аударады.