Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстан қырғыз еліне өкпені желдететін 400 аппарат пен 2 млн маска жібермек

Қырғыз тарапы гуманитарлық көмек алу үшін халыққа медициналық бұйымдар қажет деп Қазақстанға ресми түрде өтініш жасаған.

Қазақстан қырғыз еліне өкпені желдететін 400 аппарат пен 2 млн маска жібермек
фото: ТАСС

Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды paryz.kz.

Дереккөзге сүйенсек, қырғыз тарапы гуманитарлық көмек алу үшін халыққа медициналық бұйымдар қажет деп Қазақстанға ресми түрде өтініш жасаған.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы күрес аясында ҚР Үкіметі Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қырғызстанға 400 өкпені жасанды желдету мобильді аппараты және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жіберіледі", - делінген хабарламада.