Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыда атыс қаруын қайта жасайтын жасырын цех әшкереленді

Олардың тұрғылықты жерінде көп әртүрлі атыс қаруы, оқ-дәрі мен қаруды қайта жасау кезінде күдіктілер пайдаланған заттар табылып, тәркіленді.

Алматыда атыс қаруын қайта жасайтын жасырын цех әшкереленді
фото: дереккөз

Алматы полицейлері атыс қаруын қайта жасаумен айналысқандардың жасырын цехын анықтады, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінде көп әртүрлі атыс қаруы, оқ-дәрі мен қаруды қайта жасау кезінде күдіктілер пайдаланған заттар табылып, тәркіленді. Олар ҚР ҚК-нің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару-жарақ, бөлшектер мен оқ-дәрілер бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

Полицейлер сараптамалық зерттеулердің нәтижесінде, арсеналдың кімге тиесілі екені және оларың шығу тегі белгілі болатынын атап өтті.