Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Коронавирус: 196 адамның ахуалы нашар" - ДСМ

Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда.

"Коронавирус: 196 адамның ахуалы нашар" - ДСМ
Фото: ашық дереккөз

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 7 606 адам ем қабылдауда, деп хабарлады paryz.kz, ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 606 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.