Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматы карантинге жабыла ма?

Алматылықтардың арасында және әлеуметтік желілерде Алматыда 15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады деген ақпарат тарай бастаған еді...

Алматы карантинге жабыла ма?
фото: "Алматы" телеарнасы

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 15 қарашадан бастап Алматыда блок-бекеттердің орнатылуы туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлады paryz.kz

Алматылықтардың арасында және әлеуметтік желілерде Алматыда 15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады деген ақпарат тарай бастаған еді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, бүгінде Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты, қаланы жабу немесе блок-бекеттер орнату жоспарланбаған.

"15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады" деген ақпарат жалған. Дегенмен қазақстандықтарды санитарлық ережелерді сақтауға, маска киюге және қолын жиі жууға, антисептик қолдануға шақырамын. Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Барлығы әр азаматтың қолында. Егер біз қажетті санитарлық талаптарды сақтасақ, онда екінші толқынды болдырмай, вирусты жеңеміз", - деді Байтанаев.