Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Ақсу тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсеткен" - Мәсімов

Ер адамның зардап шеккен мектеп оқушыларына кім болып келетіні туралы хабарланған жоқ.

"Ақсу тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсеткен" - Мәсімов
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екі жыл бойы төрт балаға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің мәлімдеуінше, жыл басынан бері білім беру ұйымдары психологтармен бірлесіп, зорлық фактілерін анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, анонимділікті сақтау үшін "сенім жәшіктері" орнатылған.

"Мектептердің бірінде "сенім бөлмесі" ашылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл 2016 жылдан 2018 жылға дейін жасалған 34 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 23 факті бойынша Ақсу қаласының тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді", - дейді облыстың бас полицейі.

Ер адамның зардап шеккен мектеп оқушыларына кім болып келетіні туралы хабарланған жоқ. Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, биыл Павлодар облысында жыныстық қол сұғушылыққа қарсы қылмыстардың саны өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге артқан.

"Талдау нәтижелері бойынша, кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты 60 қылмыстың 13 немесе 22%-ін туыстары мен өгей әкелері жасаған", - деді Мәсімов.