Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Павлодардың экс-әкімі тұтқындалды

Ол пайдалану үшін белгіленген талапқа сәйкес келмейтін нысанды облыстық бюджет қаражаты есебінен 240 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатқа заңсыз сатып алған деген күдікке ілініп отыр.

Павлодардың экс-әкімі тұтқындалды
Фото: ашық дереккөз

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалды. Оған жемқорлық фактісі бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлады paryz.kz, өңірдің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдиновке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша қылмыстық іс тергелуде. Ол пайдалану үшін белгіленген талапқа сәйкес келмейтін нысанды облыстық бюджет қаражаты есебінен 240 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатқа заңсыз сатып алған деген күдікке ілініп отыр.

Экс-шенеунікке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Оразгелді Қайыргелдинов Павлодар қаласында 2011-2014 жылдары басшылық еткен. Одан кейін бұл лауазымға Болат Бақауов келді. Кейін Қайыргелдинов облыс әкімі аппаратының коммуналдық кәсіпорнын басқарды, ал екі жылдан кейін аудан әкімі қызметін атқарды.

Тағы оқи отырыңыз: Павлодардағы шағын ауданға 11 әкім де жол салып бере алмаған

2019 жылғы желтоқсанда ол жұмыстан шықты, ал осы жылдың қаңтарында ауыл шаруашылығы жұмысшыларының аймақтық салалық кәсіподағы басшысының орынбасары болды.