Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Елорда әкімдігі миллиардтардың жобаларын орындамай, бюджетке салмақ салып отыр

Кейбір материал құқық қорғау орындары мен әкімшілік құқық бұзушылықты қарауға өкілетті органдарға жолданды.

Елорда әкімдігі миллиардтардың жобаларын орындамай, бюджетке салмақ салып отыр
фото: ашық дереккөз

Есеп комитеті Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігінің миллиардтаған қарызы республикалық бюджетке салмақ болып жатқанын айтады, деп жазды paryz.kz.

Сонымен, астананы дамыту мақсатында бюджеттен бөлінген қаржының каншалықты тиімді жұмсалғанына мемлекеттік аудит жүргізген Есеп комитеті республикалық бюджетке елорданың жыртығын жамау кәдімгідей күш салғанын баяндады.

"LRT жобасын аяқтау мәселесі әлі шешілмеді. Сондай-ақ, ішкі нарыққа шығарылған 430 млн доллар көлеміндегі облигацияларды сатып алу ісі де аяқталған жоқ", - делінген комитеттің хабарламасында.

Сонымен қатар, қалада жылу энерго орталығының құрылысы 2018 жылдан бері тоқтап тұр. Өйткені, жобалау сметалық құжатына енгізілуі тиіс өзгертулер әлі жасалған жоқ. 2018 жылы осы мақсатта аванс ретінде аударылған 6,8 млрд теңге мердігер компания "Центрказэнергомонтаж" ЖШС-інде жатыр.

Кейбір жобалар орындалып жатқанымен, құжаттары дұрыс емес. Мәселен, кейбір құрылыс жер теліміне заңдық құқықсыз салынып жатса, кейбіріне ескі нысандарды күреуге қатысты қаржы қарастырылмаған. Қала көшелерін су басу мәселесі шешілмесе де, 6 суағарға арналған канализация мен сумен қамтамасыз етуге арналған 4,4 млрд теңгенің жобасы тоқтап тұр. Үш жоба 2010 жылдан бері салынып келеді.

Кейбір құрылыстардың уақытылы аяқталмағандығы әрі "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудың нақты стратегиясының болмауы, тұрғын үйлердің өз уақытында пайдаға берілмеуі, инвесторларды тартып, мемлекеттік және жеке әріптестік қарым-қатынастың жолға қойылмағандығы байқалады.

"2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырарда тұрғын үйлер шекті бағасынан артық бағаға сатылып алынған. 28,9 млрд теңгеге салынған 20 нысан мен 298 пәтер қаланың коммуналдық меншігіне қабылданбаған", - делінген онда.

Есеп комитеті айтылған сын-ескертпелерді дер кезінде түзету үшін Үкіметке және мемлекеттік органдарға ұсыныстарын айтты. Кейбір материал құқық қорғау орындары мен әкімшілік құқық бұзушылықты қарауға өкілетті органдарға жолданды.