Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Миллиардтап жымқыратын жалғыз Біртанов емес..." - Сәуле Әбілдаханқызы

Әйтпесе, неге Жақсылық Досқалиевтен кейінгі тықыр Елжан Біртановқа таяна қалды? Денсаулық сақтау министрлігіне ақша көп бөлінетінін білеміз. Мына әлемдік пандемия кезінде тіптен орасан қаржы құйылып жатыр...

"Миллиардтап жымқыратын жалғыз Біртанов емес..." - Сәуле Әбілдаханқызы
фото: matritca.kz

Осы Денсаулық сақтау министрлігінің тізгінін ұстайтындардың "тұзы жеңіл" болады ғой деймін. Басқа кеңселердегідей емес, тәуелсіз Қазақстан тарихында жемқорлық айыбымен екі министрінің қамауға алынғаны тегін емес сияқты.

Қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы Facebook-тегі парақшасына: "Жүз мыңдап, миллиондап, миллиардтап жымқыратындар жалғыз Біртанов емес. Бәрі. Барлық салада", - деп шағын жазба жариялады. Оны көрген пәндәуи басқа "Бұл биліктегі үлкен ойында "айран ішкендер құтылып, шелек жалағандар тұтылып" жүр-ау..." деген ой келеді екен.

Әйтпесе, неге Жақсылық Досқалиевтен кейінгі тықыр Елжан Біртановқа таяна қалды? Денсаулық сақтау министрлігіне ақша көп бөлінетінін білеміз. Мына әлемдік пандемия кезінде тіптен орасан қаржы құйылып жатыр. Бірақ, оны министрлері ғана жымқырмаса керек.

Біз білетін Біртанов та, Досқалиев те іскер, момын шенеунік. Ал ондай кісілердің қоғамдағы рөлі нығайып, жалпақ жұрт арасындағы "жарнамасының" артып кеткені билік басындағы біреулерге ұнамайды. Жалпы, біздің елде бір-ақ адам керемет, қалғанымыз әйкәпір бола беруіміз керек қой. Сондықтан қазынаға "қол салып, қол салғанда мол салып" отырғандар оның көптен бір бөлігін Біртановтарға өз қолымен бөліп беруі тиіс. Ал "тегін ірімшік қақпанда ғана болады".

Біздікі – жорамал. Бірақ, отыз екі тістен отыз жыл бойы шығып келе жатқан мазмұндас сөздердің бірі: "Жүз мыңдап, миллиондап, миллиардтап жымқыратындар жалғыз Біртанов емес. Бәрі. Барлық салада".

Ердәулет СЕРІК