Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

ШҚО-да өткен айда 86 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың айтуынша, медициналық қызметкерлер қауіпті вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша алдыңғы орындардың бірінде.

ШҚО-да өткен айда 86 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған
фото: kyzylorda-news.kz

Қазан айында Шығыс Қазақстан облысының 86 медицина қызметкері коронвариус жұқтырған, деп хабарлады paryz.kz.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың айтуынша, медициналық қызметкерлер қауіпті вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Шығыс Қазақстан облысында қазаннан бері 86 медицина қызметкері індетке шалдыққан.

"Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы үшін мамандардың өздерінің де, медициналық ұйымдар басшыларының да жауапкершілігін күшейту туралы шешім қабылданды", - деді Ерлан Қиясов.