Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Боратты" ұстағандарға 1 млн доллар бермек болған "Найманның" өзі АҚШ-та не бітірмек?..

Әлде, ол үшін жұртты ақшаға қызықтырып, айдаладағы біреуге шаптап салу "батыр" деген атқа лайық тірілік пе екен?

"Боратты" ұстағандарға 1 млн доллар бермек болған "Найманның" өзі АҚШ-та не бітірмек?..
фото: youtube.com

Қуат Хамитов "Боратты" ұстаған адамға 1 млн доллар сыйақы беретінін айтты. Спортшы өзі мен достарының атынан көлемді сыйақы беруге дайын. Себебі, оған өз елінің намысы қымбат. Бұл туралы спортшы Ревю бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Боратқа қатысты ешнәрсе айтпаған едім. Енді айтайын. Егер кімде-кім "Боратты" ұстап, оны төмендеткен күйде видеоға түсірсе, оған өз атымнан және достарымның атынан 1 млн доллар сыйақы беремін. Бұл өтірік әңгіме емес", - деді спортшы.

Алайда, желі қолданушылар бұның да кезекті хайп екенін айтып жатыр. Қуат "Найман" үнемі осылай шоу жасап, хайп қуады деп сенбеді.

Кейінгі кезде бөспелігімен белсенді бола бастаған спортшы таяуда ғана волейболшы қыз Сәбина Алтынбекованы жар еткісі келетінін айтқан сәтте АҚШ-қа барып, UFC-мен келісім-шартқа отыратынын да жеткізген еді. Ал "Боратты" сол кезде неге өзі ұстап алып, 1 миллион долларын қалтасында қалдырмасқа? Әлде, ол үшін жұртты ақшаға қызықтырып, айдаладағы біреуге шаптап салу "батыр" деген атқа лайық тірілік пе екен?