Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақмола облысының шенеуніктері 700 млн теңгені жымқырған

Ақмола облысының аудандық әкімдік бөлімінің басшылары басқарған бір топ адам ұсталды.

Ақмола облысының шенеуніктері 700 млн теңгені жымқырған
фото: tolqyn.kz

Ақмола облысында қосалқы станция салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

"ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қосалқы станция салу кезінде 700 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі шеңберінде Ақмола облысының аудандық әкімдік бөлімінің басшылары басқарған бір топ адамды ұстады", - делінген комитет хабарламасында.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.