Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Сұраныс болса, ұсыныс болады": Бақыт Сұлтанов Алматыда есек сүтін өндіруге қарсы емес

Бұған дейін есектер Таразда сауылып жатыр деген қауесет тарағанын жазған болатынбыз. Енді министрлік растаған ресми мәлімет пен министр Бақыт Сұлтановтың сөзіне сенбеске болмас.

"Сұраныс болса, ұсыныс болады": Бақыт Сұлтанов Алматыда есек сүтін өндіруге қарсы емес
фото: коллаж

Әлеуметтік желіде "есек сауып жүрген қазақтардың" видеосы тараған болатын. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осы оқиғаға байланысты өз ұстанымын айтты, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл жағынан ветеринарлық және фитосанитарлық, басқа да бақылау жүйелері бойынша тиісті функция, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі техникалық регламенттер бойынша тиісті нормалар бар. Сондықтан бұл жерде ешқандай проблема жоқ. Сұраныс болса, әрине, тауар да өндіріліп, ұсыныс болады. Бірақ, ветеринарлық, техникалық регламент бойынша барлық бақылау жүргізіледі", – деді ол.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде "хит" болған есек сауу барысындағы видео Алматы облысындағы фермада түсірілген. Ал оған қатысты негізгі мәселелер Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына жататын көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін есектер Таразда сауылып жатыр деген қауесет тарағанын жазған болатынбыз. Енді министрлік растаған ресми мәлімет пен министр Бақыт Сұлтановтың сөзіне сенбеске болмас.