Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ақмола облысында ежелгі қорымдардың үстіне депутаттар қалашығы салынбақ

"Сарыбұлақ (бұрынғы Воробьевка) ауылында Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ежелгі жерленген жерінде қирату фактісі бойынша тексеру жүргізіледі", – деді Ақмола облысы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және оларды пайдалану орталығының басшысы.

Ақмола облысында ежелгі қорымдардың үстіне депутаттар қалашығы салынбақ
фото: visitkazakhstan.kz

Ақмола облысындағы Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ежелгі қорымы үстінде депутаттарға арналған жаңа қалашық бой көтермек. Қазір қоғамның наразылығын тудырған осы жайт бойынша тексеру жұмыстары басталып кеткен, деп хабарлады paryz.kz, kazus.kz-ке сілтеме жасап.

"Сарыбұлақ (бұрынғы Воробьевка) ауылында Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ежелгі жерленген жерінде қирату фактісі бойынша тексеру жүргізіледі. Біз бұл жерден тарихи ескерткіштердің бар-жоғы туралы орталықтан ақпарат алған жоқпыз. Жер кодексі 1-тармағының 127-бабына сәйкес, тарихи-мәдени нысандар, оның ішінде тарихи-мәдени ескерткіштердің орналасқан жері – тарихи-мәдени маңызы бар жерлер", – деді Ақмола облысы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және оларды пайдалану орталығының басшысы Серік Ысқақов.

Оның айтуынша, заңға сәйкес, құрылыс жүргізуге жер бөлмей тұрып, тарихи-мәдени нысандардың болуын анықтайтын археологиялық жұмыстар жүргізу қажет.

"Тарихи, ғылыми, көркемдік маңызы бар объектілер табылған жағдайда жер пайдаланушылар одан әрі жұмысты тоқтатады және бұл туралы тиісті уәкілетті органдарға хабарлауы керек. Тарихи-мәдени нысандарға зиян келтіруі мүмкін кез келген жұмысқа тыйым салынады", – деп қосты Серік Ысқақов.