Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақстандықтардың медициналық зертханалардағы дерегі тарап кете жаздаған

Оның айтуынша, "электрондық үкімет" сайтында 60-қа жуық қателік табылған.

Қазақстандықтардың медициналық зертханалардағы дерегі тарап кете жаздаған
фото: ашық дереккөз

"Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы" ЗТБ президенті Олжас Сатиев қазақстандықтардың медициналық зертханалардағы ақпараты таралып кетпеуінің қалай алдын алғанын айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Зерттеушілердің бірі стандартты пароль арқылы Денсаулық сақтау министрлігі саласындағы өзге де ақпараттарды алуға болатынын анықтады. Мысалы, зерттеуші ПТР тестінің нәтижесін алмақ болғанда, зертханалардың бірінен шамамен 7 миллион азаматтың анықтамасын жүктеуге болатындығын кездейсоқ білген. Ол ақпарат жай ғана қан сараптамасы емес, жүйедегі АИТВ жұқтырғандар туралы мәліметтер, кей науқастар жайлы мәліметтер екен. Ал бұл ақпараттар медициналық құпияға жатады.ЗБТ президенті Олжас Сатиев

Сондай-ақ ол "Киберқалқан" тұжырымдамасын дамытуға арналған Мәжілістегі отырыста КШТТО басшысы киберқауіпсіздік аясында кемшілік тапқан зерттеушілерге сыйақы берілетін бағдарлама бар екенін атап өтті.

Мұндай бағдарламалар Facebook, Tesla, Uber, Yandex сияқты әлемдік мықты компанияларда бар көрінеді.

Идеяға сәйкес, егер пайдаланушы кез-келген жүйеде кемшілік тапса, оны ашық түрде көрсетіп, сол үшін сыйақы ала алады.

Қазақстан – мұндай жобаны ұлттық деңгейде шығарған алғашқы елдердің бірі. Мысалы, зерттеуші Нұр-сұлтан қаласын сумен қамтамасыз ету жүйесінде кейбір бағдарламаларына өзгелердің қол сұға алатынын байқап, ескерте алады. Ал бұл жүйе реттелмесе, хакерлер оны пайдаланып қаланы судан ажыратуы мүмкін еді.ЗТБ президенті Олжас Сатиев

Оның айтуынша, "электрондық үкімет" сайтында 60-қа жуық қателік табылған.