Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

АЭС Алматы облысында салынуы мүмкін

Атом электр стансасын салу жайлы жоспармен бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев бөліскен. 

АЭС Алматы облысында салынуы мүмкін
фото: ашық дереккөз

Елімізде атом электр станциясын салатын орын белгіленді. Станса Балқаш көлінің жағасында орналасқан Үлкен ауылында салынбақшы. Бұл туралы "Самрұқ-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты деп хабарлайды Paryz.kzSputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Үлкен – тұрғындар саны аз ауылдардың бірі. Мұндағы үйлердің көпшілігіне адамдар көшіп келмеген. Елді мекен 1984 жылы болашақ Оңтүстік Қазақстан гидроциркулярлық электростансасының жұмысшыларына арнап салынған. Алайда кейін жоспар өзгеріп, кәсіпорын құрылысы тоқтап қалған. Нәтижесінде Үлкен шағын балықшылар ауылына айналды. 1999 және 2009 жылдар аралығында мұндағы тұрғындар саны екі есеге азайған. 

Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізуге Қытай, Ресей және Франция елінің мердігерлері дайын отыр. Сәтқалиевтің сөзінше, сәйкес ұсыныстар да келіп түскен. Алайда қай технологияны таңдайтыны әлі нақтыланбаған. 

Шешім қабылдау кезінде барлық жағдай қарастырылады – қолданылатын технологиялардың қауіпсіздігі, бұған дейін салынған атом реакторлар саны, сонымен қатар Қазақстанда жанармайды оқшаулау мүмкіндігі, - деп түсіндірді қор басшысы. 

Атом электр стансасын салу жайлы жоспармен бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев бөліскен. Мұның басты себебі – елдегі электр қуатын тұтыну мөлшерінің артуы. Қазір қуат тапшылығы Қазақстанда ғана емес, Қытайда да байқалған.