Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Танымал вайнерлер "Борат" бейнеленген дәретхана қағазын өндіріп жатыр

Мейіржан Төребаев "Борат" фильмінің үшінші бөлімі түсірілсе, Саша Барон Коэн бейнеленген мүшеқап шығаруға да серт берді.

Танымал вайнерлер "Борат" бейнеленген дәретхана қағазын өндіріп жатыр
фото: youtube.com

Қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев атышушы "Борат", "Борат 2" фильмдерінің авторы Саша Барон Коэн бейнеленген дәретхана қағазын шығарып жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

Идея авторларының айтуынша, бұл өнімдерінің бір бумасы 50 теңгеден сатылып, қалғаны тегін таратылмақ.

"Сача Барон Коэн, идея мен бай болу мүмкіндігін тудырғаныңыз үшін рахмет! Сіздің бейнеңізбен, сіздің атыңызбен дәретхана қағазын шығарамыз. Егер сіз шынымен де Қазақстанды көргіңіз келсе, келіңіз! Біз сізді шақырамыз. Дәретхана қағазын өзіңізге байқап көруге болады", - деді ағылшын тілінде үндеу жасаған Әзім Саидбаев.

Олар осы әрекет арқылы америкалық сайқымазақтың "орны қайда екенін" көрсеткісі келіпті. Енді оның бейнесі басылған дәретхана қағазын миллион дана етіп шығаруды көздеп отыр. Елімізде алғашқы 300 мыңына тапсырыс та беріліп қойған көрінеді. Бағасына келсек, "арзан әзілге – арзан қағаз", - дейді жігіттер.

"Негізі бізге мынау Бораттың екінші бөлімі қатты әсер етті. Енді үшінші бөлім шықса, онда мен мүшеқап шығарамын. Дайын бол, Борат!" - деп кіжінді Мейіржан Төребаев.

Алайда, олардың бұл бастамасын халықтың бірі қолдаса, екіншісі "шектен шыққандық" деп есептеуде.