Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Карантин: Маңғыстау облысында жабық базарлар мен сауда үйлері ашық тұр

22 қазанда аймақтың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды.

Карантин: Маңғыстау облысында жабық базарлар мен сауда үйлері ашық тұр
фото: lada.kz

Маңғыстау облысында карантин талаптарының жеңілдеуіне байланысты жеке кәсіпкерлерге дүйсенбі-сенбі аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілді. Кешеден бастап күшіне енген жаңа қаулыға сәйкес, сауда нүктелерінің жұмыс кестесі де бекітілді, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір Ақтаудағы жабық базардың көлік тұрағы машиналарға лық толы. Халық таңнан бері өзіне қажетті затын сатып алып кетіп жатыр. Аумағы 28 мың шаршы метрді құрайтын нысан 3 бөліктен тұрады. Бірінде азық-түлік, қалғанында киім-кешек пен құрылыс материалдары сатылады. Егер тамақ алатын болсаңыз, онда сағат 9-дан кешкі 7-ге дейін келуге болады. Ал азық-түлік емес тауарлар тұрған бөлігінде жұмыс уақыты сәл өзгерек.

22 қазанда аймақтың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды. Оған сәйкес киімдер, тұрмыстық химия, тағы басқа да тауар сатушыларға енді сенбі күні 09.00 мен 17.00 аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал жексенбіде жабылуға тиісті.

Жалпы, Маңғыстау өңірінде 17 тамыздан бастап сауда үйлері және орталықтары, базарлардың азық-түлік емес зат сатылатын бөлімдері демалыс күндері жабық тұрды. Бұл өзгеріс азаматтардың сауда нүктелерін жалға алу ақысын төлеу кезінде ескеріледі. Карантин талаптары осылай жеңілдегенімен, сақтық шараларын бұзбау сұралады. Барлық сауда нүктесіне кіреберісте келушілердің дене қызуы өлшенеді. Қолын санитайзермен залалсыздандыруға кеңес беріледі. Әр адам бетперде тағуға міндетті.

Айта кетейік, кешеден бері фитнес орталықтары толымдылығын 30 пайыздан асырмай жұмыс істеп жатыр. Кинотеатрлар да осы тәртіппен 26 қазанда ашылады.